Байқаудың көркемдік жетекшісі, Ресейдің халық әртісі - Денис Мацуев.
«Байқаудың жүлде қоры 60 000 АҚШ долларын құрайды. 18 жасқа дейінгі талантты пианисттер «Astana Piano Passion» байқауында өз шеберліктерін көрсете отырып, 1000 доллардан 10 000 АҚШ долларына дейін ұтып ала алады. Бұдан басқа, қатысушыларды Ресей, Франция және басқа елдерде өтетін фестивальдарда өнер көрсету сияқты арнайы сыйлықтар күтіп тұр», - делінген хабарламада
Астанада өтетін классикалық фестиваль аясында, апта бойы, әрбір кеште әлемге аты танымал пианистердің орындауында, әлемдік атақтышығармалар орындалатын болады. Бұған дейін өтукен классикалық музыка фестиваліне Павел Нерсесьян (Ресей), Екатерина Мечетина (Ресей), Хюнг-Джун Чанг (Оңтүстік Корея), Мишель Берофф (Франция), Мириам Дауэльсберг (Бразилия) сияқты танымал музыканттар қатысты.
Сондай-ақ сәуірде әлемнің әр елінің консеваторияларынан танымал ұстаздар шеберлік-сыныптар өткізетін болады. Мысалы, 2014 жылы Астанаға аты аңызға айналған адам, тамаша пианист, 170-тен аса халықаралық байқаулардың лауреаттарын дайындаған Сергей Доренский келді.
Конкурстың екі жылғы жұмысы ішінде Астанаға 30 елден және 100-ден аса қалалардан өнерлі балалар келді.