Жеребе қорытындыларына орай, егер «Астана» плей-офф кезеңіне жолдаманы жеңіп алса, Швейцарияның «Янг Бойз» клубымен ойнайды. Плей-оффтың алғашқы ойындары 21-22 тамыз күндері, қарымта кездесулер 28-29 тамызда өтеді.
Еске сала кетейік, «Астана» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Загребтің «Динамосымен» күш сынасады.