деп хабарлады Астана қалалық ІІД Жол полициясы басармасының баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, аталған іс-шараның негізгі мақсаты жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, елорда жолдарындағы қауіпсіздікті арттыру болып табылады.
Шараны өткізу кезеңінде жол полициясының жеке құрамы күшейтілген қызметке көшірілді. Сонымен қатар алдын алу тиімділігін күшейту мақсатында ішкі істер департаментінің қосымша күші тартылды. Нәтижесінде шараның алғашқы күнінде-ақ жаяу жүргіншілердің қатысумен орын алған 192 заң бұзушылық анықталды. Жаяу жүргіншілер өтетін жолақта жүргіншіге жол бермегені үшін 55 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы осы күні жол-көлік қозғалысы ережесінің 761 рет бұзылуы тіркелді.
Мәселен, 28 наурыз күні «Қоянды» бекетінде жол полициясының қызметкерлері Mitsubishi Lancer көлігін тоқтатты. Машинадағы жолаушылардың жеке заттарын тексеру барысында Ақмола облысының 31 жастағы тұрғынының қалтасынан целлофанға оралған сұр-жасыл түсті зат табылды. Сонымен қатар осы күні «Теңіз» бекетінде «Volkswagen Passat» көлігінің жолаушысынан өткен жылы 22 шілдеде ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық мәліметтер базасында жоғалған ретінде тіркелген Nokia 7230 телефоны табылды.