Астана полицейлері өзіне қол салған бойжеткеннің кім екенін анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана полицейлері 4 тамызда биіктен құлап өлген бойжеткеннің кім екенін анықтады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жедел іздеу шаралары барысында полицейлер қаза болған қыздың кім екенін анықтады. Ол 1997 жыл туған Ақмола облысының тұрғыны болып шықты. Астанада бір жас жігітпен уақытша тұрып жатқан», - деп хабарлады елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде.

Полиция деректеріне сәйкес бойжеткеннің таныстары мен достарынан жауап алынды. Ол достарына жігіті екеуінің арасында келіспеушілік жиі орын алатынын айтқан.

Еске салсақ, 4 тамызда Асан қайғы көшесі бойынша 2 үйдің ауласында белгісіз бойжеткеннің мүрдесі табылған.