Автокөлігін сату сылтауымен жәбірленушінің сеніміне кірген ол 20 мың АҚШ долларын иеленіп, бой тасалаған, деп хабарлады Астана қ. ІІД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта «Алматы» ауданы ІІБ тергеу бөлімі ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлімі 1-тармағы (аса ірі көлемде алаяқтық фактісі бойынша) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Егер осы адамды танитын, білетін, көргендер болса, Астана қ. ІІД «Алматы» ауданы ІІБ-ге мына телефондар бойынша хабарласуды сұраймыз: 71-67-10, 71-67-11, 71-67-09, тел. 102 немесе 8 701 774 38 79.