Себебі бұл күндері қала тұрғындарынан қоғамдық орындарда жеке заттарының ұрланғаны туралы арыз көбірек түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астана ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 26 желтоқсан күні әмиянын ұрлатқан 38 жастағы қала тұрғыны полицияға арыз түсірді. Ақшалай қаражат пен жеке құжаттары бар әмиянды арызданушы «Магнум» сауда үйінде ұрлатқан. Шығын көлемі жүз мың теңгені құраған.
Сондай-ақ, тағы бір қала тұрғыны полицияға хабарласып, «Гүлжан» сауда үйінде жеке заттарының ұрланғанын жеткізген. Белгісіз ер адам ішік қалтасынан құны жүз сексен мың теңге болатын «iPhone» маркалы ұялы телефонын жымқырып кеткен.
Аталған фактілер бойынша, «ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Мамандар құқық бұзушыларды анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.