Полицейлердің сөзіне қарағанда, күдіктілер мейрамханаларға хабарласып, үлкен банкеттерге тапсырыс берген. Әдейі ассортименттен табылмайтын қымбат, сирек кездесетін ішімдіктерді қоюын сұраған.
«Араға уақыт салып, «клиент» әкімшіге спиртті ішімдіктерді өзі алғанын айтып, арақ-шараптың ақшасын киви-әмиянға жібере салуын ұсынып, содан кейін банкет үшін толық есептесетініне сендіреді. Жәбірленушілер алаяқтардың қармағына қалай түсіп қалғанын білмей де қалған», - дейді тәртіп сақшылары.
Полицейлер құқықбұзушыларды іздестіруде. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына («Алаяқтық») сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
«Астана қаласы ішкі істер департаменті қала тұрғындарын сақтыққа шақырады. Осы тақылеттес фактілер жайлы білгендеріңіз болса, «120-ға» хабар беріңіздер», - дейді ІІД.