Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.— Астана қаласының полиция департаменті мейрамханада әйелді өлтіру фактісі бойынша тергеу Қазақстан Республикасының «кісі өлтіру» ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Күдікті Астана қ. ПД ИВС-ға қамалды. Істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені өткізіледі. Тергеу барысы ІІМ басшылығының бақылауында. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, — делінген полицияның Instagram парақшасында.
Еске салайық, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың әйелінің өлімі бойынша тергеу басталғанын хабарлаған болатынбыз.
23:05, 11 Қараша 2023
Астана полициясы мейрамханадағы әйелдің өліміне қатысты түсініктеме берді
Астана полициясы әлеуметтік желідегі парақшасында Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Kazinform.