«Астана» Премьер-Лига матчында «Ордабасыдан» басым түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Премьер-Лиганың 22 матчында «Астана» командасы шымкенттік «Ордабасынан» басым түсті, деп хабарлайды Sports.kz.

Ел чемпиондары кездесудің басынан соңына дейін басымдық танытты, қосымша уақытта Асқат Тағыберген қақпаны дәл көздеді.

Енді «Астана» командасында 54 ұпай бар, ол алматылық «Қайраттан» 7 ұпай алда келеді. Үшінші орында 41 ұпаймен шымкенттік «Ордабасы» тұр.