Бүгін Ерлан Тоқтарханұлы Қожағапановтың «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының бас директоры қызметіне тағайындалуына байланысты жиын өтті, делінген хабарламада.
Е. Қожағапанов 13.08.1968 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін (1992); Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін (1999); РФ Мемлекеттік Кеден комитетінің Кеден академиясын (2006) тәмамдаған, мамандығы - заңгер, экономист.
Еңбек жолы: ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің республикалық кәсіпорын бас директорының көмекшісі, Алматы қ. (1997-05.1998); ҚР Қаржы министрлігі Салық полициясы комитетінің қаржы-экономикалық басқармасының басшысы, Астана қ. (05.1998-11.1998); ҚР Қаржы министрлігінің ОҚО бойынша кеден басқармасының бастығы, Шымкент қ. (11.1998-07.2002); Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің басшысы (2002-11.2006); Астана қаласы Алматы ауданының әкімі (11.2006-08.2007); Астана қаласы әкімінің орынбасары (08.2007-01.2013); Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы (01.2013 ж); Қазақстан Футбол федерациясының президенті (12.2014).