Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Арыс, біз біргеміз!» акциясына қаржылай үн қосу ұсынысын ұжым бірауыздан қолдаған.
«Жиналған қаражат Түркістан облысының Арыс қаласындағы тұрғындарға көмек ретінде жолданып, уақытша баспанамен қамту, тамақ пен киім-кешек үлестіру, қираған инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталады», - делінген клубтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.