«Astana Pro Team» 3 Daagse De Panne көпкүндігінде жарыс жолына шығады

АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - «Astana Pro Team» командасы осы аптада 3 Daagse De Panne көпкүндігінде жарыс жолына шығады.

Жарыс барысында күн ашық, ауа температурасы өткен жарыстарға қарағанда жоғары болады деп күтілуде. Жел әдеттегідей Атлантика жақтан соғуда. Сондықтан ауы райы велошабандоздарға тосын сый жасауы әбден мүмкін, деп хабарлады команданың ресми сайты.

Бельгия классиктерінің ішінде өзгелерден шоқтығы биік жарыс Фландрия туры. Беделді велобәйге алдағы жексенбі, 31 наурызда өтіп, 256 шақырымға созылады. Ал одан бір апта бұрын теке тіреске толы, қызығы мен шыжығы мол 3 Daagse De Panne басталып, шабандоздардың беделді көпкүндік алдындағы дайындықтарын тағы бір пысықтап алуға мүмкіндік береді.

«Astana Pro Team» құрамы:

Асан Базаев (Қазақстан).

Дмитрий Груздев (Қазақстан).

Якопо Гуарниери (Италия).

Дмитрий Муравьев (Қазақстан).

Андреа Гуардини (Италия).

Андрей Гривко (Украина).

Алексей Луценко (Қазақстан).

Симоне Понци (Италия).


Команда штаты:

Спорттық директор Стефано Дзанини.

Спорттық директор Яан Кирсипуу.

Дәрігер Йоост Де Маезенеер.

Механик Хавьер Манеро.

Механик Перри Моерман.

Механик Федерико Борселли.

Массажшы Дмитрий Борисов.

Массажшы Сергей Лаврененко.

Массажшы Гюнтер Диркс.