«Astana Pro Team» қазақстандықтарды Астананың туған күнімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің Astana Pro Team велокомандасы қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады.

Команданың желісіндегі парақшасында жарияланған бейнематериалда оның бас менеджері Александр Винокуров үзеңгілестерінің атынан ізгі тілегін былай деп білдірді: «Астана, туған күніңмен! Біз командамыздың елорда атын алып жүргенін аса мақтан тұтамыз. Бәріңізге денсаулық, бақыт, бақ-береке тілейміз. Аспанымыз ашық болсын!».