«Аstana Pro Team» «Тур Әбу-Дабидегі» команда құрамын анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 қазанда тарихтағы алғашқы «Тур Әбу-Даби» жарысы басталады.

Тур 4 кезеңнен тұрады. Барлық кезеңдердің жалпы ұзындығы 555 шақыырымды. Жарыс бейсенбі күні басталып, жексенбіде аяқталады.

Негізгі кезеңдер демалыс күндері өтеді. Оған «Астанадан» итальяндар Винченцо Нибали, Диего Роса, Фабио Ару мен Андреа Гуардини, сонымен қатар қазақстандықтар Алексей Луценко мен Руслан Тілеубаев қатысады, деп жазды sports.kz.