Astana Pro Team велошабандоздары Бельгияның тас жолдарымен өтетін жарыстар сериясын бастайды

None
АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Astana Pro Team велошабандоздары бүгін Бельгияның тас жолдарымен өтетін жарыстар сериясын Dwaars door Vlaanderen бәйгесінен бастайды, деп хабарлады команданың ресми сайты.

Бұл жарыстың сәрсенбі күні ұйымдастырылуы дәстүрге айналған. Биыл Фламан классикасының мәресі Бельгияның Руселаре қаласында тігілді. Ол ауылдық жолдармен өтіп, негізгі бөлігі фламан өрлерінің тас жолдарымен көтерілуден тұратын жарыстың мәресі Варегема аймағында белгіленді.

Фламан жарыстарының басқа жарыстардан айырмашылығы шабандоздар қысқа қашықтықта орналасқан бірнеше төбеге көтеріліп, төмен түседі. Dwaars door Vlaanderen-де жарысқа қатысушылар дәл осындай 13 төбені бағындыруы тиіс. Оның бірі жарыстың 140 шақырымында белгіленген - Айкенберг төбесі.

Astana Pro Team құрамы:

Асан Базаев (Қазақстан).

Борут Бозич (Словения).

Дмитрий Груздев (Қазақстан).

Якопо Гуарниери (Италия).

Максим Иглинский (Қазақстан).

Андрей Гривко (Украина).

Дмитрий Муравьев (Қазақстан).

Руслан Тілеубаев (Қазақстан).