Astana Pro Team велошабандоздары Каталония турына қатысуда, бүгін 6-шы кезең
Гавацци Астана шабандоздарының ішінде үздік атанып, Лерридадағы мәреде спринтерлік таласқа түскен жалғыз шабандоз. Бұған дейін команданың екі өкілі жарысты тоқтатқан болатын.
«Біздің команда бұл жарысқа негізінен тауға шығудың шеберлерін әкелді. Сондықтан Фульсанг пен Арудың сағатына 60-70 шақырым жылдамдықпен келе жатқан шабандоздармен таласқа түсу қиындау. Гавацци мәреге жақсы келді. Соңғы шақырымдарда Кашечкин оған қолдау көрсетті. Сенбі күні өтетін кезеңде қолда бар мүмкіндікті жіберіп алмай, жеңіске таласамыз», - деді Astana Pro Team спорттық директоры Дмитрий Седун.
Канадалық Франсуа Паризен кезең жеңімпазы атанды. Гавацци одан 3 секундқа ұтылды. Ал Дэниел Мартин жалпы есептегі көшбасшылық орнын сақтап қалды.
«Бүгін командалар жалпы есепте жоғары тұрған шабандоздардың қимыл әрекеттерін аңдып, шабуылға шығу сәтін тосады. Біз бұл жағдайды мейлінше өз пайдамызға шешуге тырысамыз. Кезеңнің жеңіс тұғырына таласуға ниеттіміз. Бірнеше төбеден өтеміз, сондықтан жауапты сәтте іске көшуге қолайлы кезең», - деді Д.Седун.