Бұған дейін Сирия оппозициясы мен Түркия, Иран және Ресей елінің өкілдері мен БҰҰ-ның Сирия мәселелері бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистура да Астанаға табан тіреген болатын.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, ертеңгі келіссөзден хабар тарату үшін Астанаға 25 елден 380-ге жуық тілші келген. Келіссөзге арналған арнайы баспасөз алаңы «Қазмедиа» орталығының ғимаратында дүйсенбі күні сағат 09:00-де өз жұмысын бастайды.