«Осы уақытта елімізге Ресей, Түркия, Иран елдері мен БҰҰ-ның Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистура және Сирия оппозициясының өкілдері келді»,-деп нақтылады Әнуар Жайнақов.
Ол сонымен қатар бүгін кешке дейін елімізге Сирия үкіметі делегациясының келетіндігі туралы айтты.
«АҚШ-тың атынан Сирия мәселесі бойынша өтетін келіссөздерге осы елдің Қазақстандағы елшісі қатысады»,-деп жалғастырды Жайнақов.
Сирия мәселесі бойынша өтетін халықаралық келіссөздер Астанада 23 қаңтар күні басталады.