Астана процесі Сирия Үкіметі мен оппозиция арасындағы тікелей сұхбат түрі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өткен сириялық реттеу жөніндегі халықаралық кездесуге (Астана процесі) қатысушылар Астанада келіссөздер өткізуге мүмкіндік жасаған Қазақстан Президентіне ризашылықтарын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз Астанадағы Сирия жөніндегі халықаралық кездесу үкімет пен опппозиция арасындағы тікелей диалог үшін форма саналатындығын атап өтеміз. Мұны БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254 қарары талап етеді. Біз қарулы оппозициялық топтардың келіссөздердің келесі раундына қатысуға ниет танытып отырғандығын қолдаймыз. Ол 2017 жылдың 8 ақпанында Женевада БҰҰ құзіретімен өтеді», - делінген ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов жария еткен Иран, Ресей және Түркияның бірлескен мәлімдемесінде.

Сондай-ақ құжатта тараптар халықаралық қоғамдастықтың барлық мүшелерін БҰҰ ҚК қарарымен келісілген барлық іс-шаралардды жүзеге асырудағы саяси процеске қолдау көрсетуге шақырған.

«Біз сириялық саяси процесті қамтамасыз ету, жаһандық процестерге және 2254 қарарын жүзеге асыруға үлес қосу үшін БҰҰ көмегімен Астана платформасында белсенді ынтымақтасуға шешім қабылдадық. Біз Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлы мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаевқа және Қазақстанға өз аумағында, астанада Сирия бойынша халықаралық кездесуді қабылдағаны үшін алғысымызды білдіреміз», - делінген құжатта.