«Сирия бойынша Астана процесінің кепілгер елдерінен келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Иран Ислам Республикасының, Ресей Федерациясының және Түркия Республикасының сыртқы істер министрлері 2018 жылғы 16 наурызда Қазақстанның елордасында кездеспек», - делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, келіссөздер барысында қатысушылар Сириядағы ахуалды реттеу бойынша ынтымақтастықтың алғашқы жылы ішінде қол жеткізілген нәтижелерді талдауға, сондай-ақ одан әрі бірлескен іс-қимылдарды белгілеуге ниетті.
Кездесу қарсаңында, яғни 15 наурызда, аға лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ Бірлескен жұмыс тобы мен Тұтқындарды босату, қаза тапқандардың денелерін табыстау және із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру бойынша жұмыс тобының кездесулерін өткізу жоспарланған.
Сондай-а, Астанадағы министрлік кездесу байқаушыларсыз және сириялық тарапсыз өткізілуі жоспарланып отыр. Ресей сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, кездесуге БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Стаффан де Мистура шақырылады.