«Иә, біз оларды шақырдық. Біздің қазақстандық достарымыздың қол қойған шақыртуын бердік», - деп айтты Богданов.
РФ СІМ басшысы Сергей Лавров бұрын мәлімдегендей, Ресей АҚШ-ты Сирия жөніндегі келіссөздер алаңына (Астана процесі) шақырған.
Бұдан бұрын Ресей Президенті Владимир Путин түрік көшбасшысы Тайып Ердоғанмен Сириядағы соғысып жатқан тараптарға Астанадағы жаңа алаңда бейбіт келіссөз үдерісін жалғастыруды ұсыну туралы уағдаласқанын хабарлаған. Оның айтуынша, жаңа алаң женевалық келіссөздерді толықтырады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Путинмен және Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесуі барысында бұл бастаманы қолдап, Астананың мұндай келіссөз өткізу алаңын ұсынуға әзір екендігін хабарлаған.