Астана процесіне Ирак пен Ливан байқаушы ретінде қатысады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үйлестіруімен биылғы жылдың 1-2 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында өткізілуі жоспарланған Сирия бойынша жоғары деңгейдегі халықаралық кездесудің кезекті 13-ші раундына дайындық жұмыстары толық қарқынмен жүргізілуде. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

«Бүгінгі күнге дейін барлық шақырылған тараптарөздерінің қатысатындығын растады. Атап айтқанда, Ресей делегациясын РФПрезидентінің Сирия жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркияделегациясын ТР сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасары Седат Оналбасқарады. Иран делегациясына Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегіжоғары көмекшісі Али Асгар Хаджи басшылық етеді»,-делінген хабарламада.

Сонымен бірге, аталған кездесуге Сириядағы екіқақтығысушы тарап – Сирияның БҰҰ-дағы Тұрақты өкілі Башар әл-Джаафари бастағанСАР үкіметтік делегациясы және Ахмад аль-Тоума бастаған қарулы оппозицияқатысады. Кездесудің жаңалығы - Астана форматындағы бұған дейінгі келіссөздернегізінде қабылданған шешімге сәйкес, Ирак пен Ливан делегациялары аталғанпроцеске байқаушылар ретінде қатысады.

Өкінішке орай, БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегіарнайы өкілі Гейр Педерсен денсаулығына байланысты алдағы келіссөздерге қатысаалмайтын болды. БҰҰ делегациясын оның орынбасары басқарады.

Бұған қоса, осы күндері сирияаралық келіссөздершеңберінде өтетін Тұтқындарды босату, қаза тапқандардың денелерін табыстау жәнеіз-түзсіз жоғалғандарды іздестіру бойынша жұмыс тобының кезекті кездесуінеқатысу үшін БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасы жәнеХалықаралық Қызыл Крест Комитетінің өкілдері Нұр-Сұлтанға келеді.

Бұрын өткен сирияаралықкеліссөздерге ұқсас, бірінші күні «жабық есік» жағдайында екіжақты жәнекөпжақты техникалық консультациялар, ал келесі күні жалпы отырыс өтеді. Екікүндік келіссөздердің негізгі нәтижелері Астана процесінің кепілгермемлекеттерімен қабылданатын Бірлескен мәлімдемесінде баяндалады.

Соңғы жаңалықтар