«Жалпы отырыста барлық делегацияның өкілдері өз сөздерін аяқтады. Сирия үшін келіссөздер процесін теңгерімді әрі абайлап ілгерілету қажеттігі аталып өтілді», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнаулы өкілі Стеффан де Мистура келіссөздердің жалпы отырысы барысындағы өз сөзінде Қазақстан Президентіне Астанадағы келіссөздер процесіне тараптарды шақырғаны және мұндай кездесудің өтуіне барлық жағдай жасағаны үшін ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар дереккөздің ақпаратына сәйкес, жалпы отырыс барысында Сирия үкіметінің де, қарулы оппозияның да өкілдері сөз сөйлеген.
«Олардың бір бөлмеде бас қосу фактісінің өзі-ақ Сириядағы соғысты тоқтау режімін нығайтуға қарай ілгерілеушілікке деген үмітті білдіреді», - деді ол ҚазАқпарат тілшісіне.