«Келіссөздер басталды. Қазіргі уақытта келіссөздерге қатысушылардың арасында екіжақты кездесулер өтіп жатыр. Негізгі мәселе - деэскалация аймағының шекарасын анықтау. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, кездесудің жалпы отырысы сағат 16:00-ге белгіленіп отыр», - деді Ануар Жайнақов БАҚ өкілдеріне.
Айта кетейік, кеше Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берген еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астана процесінің күн тәртібі жайындағы деректерменбөліскен болатын.