Астана процесіне сириялық оппозиция мүшелері шақырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 23 қаңтар күні өтетін Сирия келіссөздеріне (Астана процесі) 29 желтоқсан күні бітімгершілікке келісім берген Сирия  оппозициясының қарулы өкілдері шақырылады. Бұл туралы  РФ СІМ министрінің орынбасары Михаил Богданов мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

«Шақырудың өз критерийі бар. Сирия жерінде соғысқандарды және 29 желтоқсан күнгі келісімге келгендерді шақырамыз», - деді ол.

Богдановтың айтуынша, «Келісімге қосылған, кейіннен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2336 резолюциясында бекітілген үкіметтер мен қарулы оппозиция» секілді әр  ұйымның делегациясынан 10 адам келеді.