Астана процесінің алғашқы күні аяқталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан Сирия мәселесін реттеу жөніндегі келіссөздердің бірінші күні сәтті өтті, деп хабарлады РФ делегациясының басшысы Александр Лаврентьев. Бұл туралы РИА Новости жазады.

«Біз бүгінгі келіссөз өте сәтті өтті деп санаймыз. Өткен жылдың 29 желтоқсанында қол қойылған келісімге гарант болған үш елдің қатысумен, сондай-ақ БҰҰ хатшылығының өкілі Стаффан де Мистура мен Қазақстандағы АҚШ Елшісінің, САР делегациясы мен Сирия қарулы оппозициясы өкілдерінің қатысуымен өткен кездесу аса маңызды деп бағалаймын", - деді Лаврентьев журналистерге.

Оның мәліметінше, Астанадағы Сирия мәселесі бойынша келіссөздің қорытынды мәлімдемесінің мәтіні келісіліп жатыр. Оны сейсенбі күні қатысушыларға таныстырып, нақты бекітеді.