«Келіссөзлер екіжақты және көпжақты форматта «Риксос» қонақ үйінің әртүрлі бөлмелерінде өтіп жатыр. Делегаттар жасалған жағдай тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін айтуда. Өткен жылы осындай кездесулерге атсалысқан делегация сарапшылары шараға Сирияның үкіметтік және қарулы оппозиция өкілдерінің қатысуының өзін байыпты прогресс санайды», - деді ол.
Дереккөз ҚазАқпарат тілшісіне Астана процесінің келіссөздері барысындағы оған қатысушылардың көңіл-күйі қандай болғандығын да айтып берді.
«Мынадай бір қызықты жайт орын алды. Жалпы сессия барысында қазақстандық тарап мәлімдеме жасай бастаған кезде және аяқтаған соң делегациялардың бірі қалмастан қошемет көрсетті. Ал қалған жағдайларда міндетті түрде әйтеуір біреуі айтылған сөздерді қолдамай отырды. Бұл делегация ұстанымдарының бір-бірімен кереғарлығымен де байланысты. Олардың бір үстел басында бас қосқандығының өзі жақсы», - деді дереккөз.