«Бұл бүгінгі брифингіміздің басты себептерінің бірі болып отыр. Дағдарысқа байланысты біздер мұндай жайт орын алуы мүмкін деп қауіптенудеміз. Өздеріңізде түсінесіздер ғой, Астана - біздің елордамыз. Ресми статистикаға сәйкес мұнда шамамен 800 мың адам тіркелген. Бұған қоса, күн сайын қалаға барлық өңірден адамдар келеді», - деді ол.
Осы ретте прокурор көмекшісі әсіресе алаяқтық қылмыстың өріп кету мүмкін екендігін баса айтты. «Дегенмен, біз де қылмыстың алдын алу жұмыстарын тыңғылықты жүргізудеміз», - деді Р.Әйтімов.
Айта кетерлігі, алаяқтықтың алдын алу үшін прокуратура елордалықтарға арналған арнайы ескерту парақшасын да дайындап қойған. Онда алаяқтың арбауына қалай түсіп қалмау керектігі жазылған.