оларға еңбекақы бойынша берешегінің өтелуін қамтамасыз етті. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.
«Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы «Вербсте» және «Азия Транс» ЖШС жұмысшыларының алдындағы еңбекақы бойынша берешектің өтелуін қамтамасыз етті. Прокурорлық тексеріс кезінде «Вербсте» ЖШС-нің еңбекақы бойынша 111 жұмысшысына 22 млн. 317 мың 860 теңге, ал «Азия Транс» ЖШС-нің 5 жұмысшыға 842 мың 139 теңге мөлшерінде берешектері бар екендігі анықталған болатын. Прокуратураның ұйғарымы бойынша аталған серіктестіктердің барлық жұмысшыларының еңбекақысы толығымен төленіп, 116 азаматтың бұзылған конституциялық құқықтары қалпына келтірілді», делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.