Астана прокурорлары жұмысшылардың 46,5 млн. теңге жалақысын өтеуді қамтамасыз етті

АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Астана қаласы Сарыарқа аудандық прокуратурасы «Горкоммунхоз» АҚ 250 жұмысшысының пайдасына 46,5 млн. теңге жалақы бойынша берешекті өтеуді қамтамасыз етті.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарланды.

Аудандық прокуратура 2011 жылдан бастап «Горкоммунхоз» АҚ атына кәсіпорын жұмысшыларының жалақысын төлеу туралы 6 ұйғарым енгізген еді. Ұйғарымдар мәжбүрлеп орындау үшін Астана қаласы Сот актілерін орындау жөніндегі департаментке жолданған болатын. «Осыған орай, сот орындаушылары қабылдаған шаралардың нәтижесінде Астана қаласы Сот актілерін орындау жөніндегі департаментінің бақылау шотына 46,5 млн. теңге түсті. Қазіргі таңда, келіп түскен ақша қаражаттарын өндіріп алушылардың шоттарына аудару бойынша шаралар қабылданып жатыр», - делінген баспасөз хабарламасында.