Астана процесі: Сирия мәселесі бойынша 21-кездесу өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – «Астана форматындағы» кепілгер елдердің ұжымдық өтінішіне сәйкес 24-25 қаңтар күндері Қазақстан елордасында 21-ші халықаралық кездесу өтеді.

Фото: ҚР СІМ

Астана процесі аясындағы Сирия мәселесі бойынша келіссөздерге Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі мен оппозициясының делегациялары қатысады. Ал бақылаушылар ретінде Иордания, Ирак және Ливан, сондай-ақ БҰҰ, БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы мен Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдері атсалысады деп күтілуде.

Алдын ала күн тәртібіне Сирия төңірегіндегі өңірлік ахуалды дамыту, САР-дағы кешенді реттеу жөніндегі күш-жігер, Сириядағы гуманитарлық ахуал және Сирияны жанжалдан кейінгі қалпына келтіруге жәрдемдесу мақсатында халықаралық қоғамдастықтың көмегін жұмылдыру және т.б. мәселелер енгізілді.