АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Сауд Арабиясында «Аль-Ула Тур» көпкүндігі басталады. Оған қазақстандық «Astana Qazaqstan Team» велоклубы құрамында қатысатын спортшылар тізімі белгілі болды.
Көпкүндік 30 қаңтар мен 3 ақпан аралығында өткізіледі. Аталған жарысқа команда сапында Хенок Мулюбырхан, Игорь Чжан, Антон Кузьмин, Глеб Сырица, Даниил Марухин, Николя Винокуров және Алессандро Ромеле қатысады.
Сондай-ақ қазақстандық Дмитрий Груздев «Astana Qazaqstan Team» велокомандасымен келісім-шартты ұзартты.
Дмитрий Груздев қазақстандық жобада 12 толық маусымды өткізді. Осы кезеңде 9 Гранд-тур мен 20 монументалды классикалық жарыстардан өтті. Онда ол әрқашан командалық мақсаттар мен көшбасшыны қолдауда толықтай ойын өрнегін көрсете алды.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Astana Qazaqstan Team» велокомандасы көпкүндік «Тур Даун Андер» жарысына қатысты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.