Бұған дейін Григорий Бабаян шәкірттері 1-турда сырт алаңда Киевтің «Динамо» командасымен 2:2 есебінде тең түскен болатын.
Кешегі жеңістің арқасында Қазақстан УЕФА елдері рейтингінде бір саты жоғарылап, 18,500 коэффициентімен 26-орынға тұрақтады. Тура осындай көрсеткішке ие Әзербайжан 27-орынға сырғыды, ал 25-орында Израиль (18,625) тұр.
Рейтинг басында бұрынғыша - Испания (89,712). Үздік үштікті Англия (67,748) және Италия (67,725) түйіндеді.