Астана республикалық бюджеттің донор өңірлерінің төрттігіне енеді
11:04, 27 Желтоқсан 2013
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астана республикалық бюджеттің донор өңірлерінің төрттігіне енеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында елорданың әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.
Әкімнің сөзіне қарағанда, қазіргі кезеңде Астана өз күшімен қаладағы өмір сүруге қажетті шығыстарды қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар 2015 жылдан бастап елорда қазынасынан республикалық бюджетке 7,5 млрд. теңге көлемінде қаржы аудару басталады, ал 2016 жылдан бастап оның көлемі 17,3 млрд. теңгеге жетеді.
«Бұл өте маңызды көрсеткіш. Яғни, осы сәттен бастап Астана республикалық бюджеттің донор өңірлерінің төрттігіне енеді",- деп түйді И. Тасмағамбетов.