оның ішінде таксомотор құралдарымен тасымалдауда, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Астана және Қарағанды қалалары аумақтарында бақылау жүргізуді күшейтті.
15 қарашада елордаға Павлодар, Қостанай, Шығыс Казақстан және Ақтөбе облыстарынан қосымша мобильді бақылау топтары (жылжымалы бекеттері) тартылды, деп хабарлады Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.
30 қараша мен 4 желтоқсан аралығында Астана, Қарағанды, Щучинск қалаларының авто және темір жол вокзалдарында, сонымен қатар Астана және Қарағанды қалаларының әуежайларында ҚР көліктік бақылау органдарының тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылатын болады.