Бәрінің де Cаммиттің рөлін бұлай бағалауы - еліміздің беделі мен танымалдығын арттыра түсуде және қабылданар кұжаттардың Астана атымен тарихта қалары хақ. Алматы қаласының тұрғыны Еділ Әзімшайық ҚазАқпарат тілшісіне осындай пікірін білдірді.
Қала тұрғыны саммитке қатысушылардың кез-келген мәселені күш қолданбай шешу керектігін мәлімдеуі көңілге қонымды жайт екендігін айтады.
«Осы тұрғыда келген қонақтардың Cаммиттің қорытындысында қабылданар кұжаттардың әлеуеті жоғары болар деп сенім білдіруі Қазақстан төрағалығының жоғары деңгейде өткендігін айқындайды», - деді Е.Әзімшайық.
Ол сонымен қатар ЕҚЫҰ мандаты мен әлеуетін күшейтуде Cаммиттың рөлі жоғары екендігін айтады. «Адамзат қырғи-қабақ соғыстан шаршаған. Сондықтан бейбіт жолмен келісімдерге келу үшін осындай ұйымдардың болғаны дұрыс. Әрине ЕҚЫҰ бар қиындықтарды шеше алмас, дегенмен оларды шешуге ұмтылатыны анық. ЕҚЫҰ-ны реформалау осы қиындықтарды шешуде айрықша рөл атқарады деп үміттенем», - дейді Алматы қаласының тұрғыны.