Депутаттың айтуынша, Шығыс пен Батыс әрқашан бір-біріне қарама-қарсы болып келген. «Кешегі Астана саммитінде Орталық Азияның үкіметтік емес ұйымдары барлық проблемаларды өз үйінде талқылай алса, еуропалық және американдық үкіметтік емес ұйымдар Еуроатлантикалық және Еуразиялық аймақтың шекарасыз болуы керектігін, бұл аймақта біртұтас ережелер, бірыңғай стандарттар болуы керектігін іштен және өз көздерімен көре алды», - дейді А.Соловьева.
«Саммиттің маңыздылығы сол, біз өзгелерге Орталық Азияны ішкі жағынан көрсете алды. Яғни, біздегі жағдайды тек сырттан көріп келгендер бәрін өз көздерімен келіп көрді. Түрлі елдерден келген өкілдердің бір-біріне қарама-қайшы пікірлерін естідік және бұл Қазақстанды дамытудың демократиялық векторының индикаторы болып табылады», - деп атап көрсетті депутат.