АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат - Қостанай облысында шекара кезекшілігі Астана-Санкт-Петербор жолаушылар пойызын тексеру барысында 1 келіге жуық гашиш тауып алды.
Бұл ақпаратты ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі таратып отыр.
«8 наурызда «Қайрат ТЖ» шекаралық бақылау бөлімінің шекара кезекшілігі пойызды арнайы үйретілген иттермен тексеру барысында вагондардың бірінен жалпы салмағы шаммен 1 келі болатын екі пакетке оралған гашиш тауып алды», - делінген ведомство ақпаратында.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.