Ю.Перцух алматылық ЦСКА командасының тәлімгері. Сонымен қатар ол Қазақстанның бірінші лигасында елордалық «Бәйтерек» және петропавлдық «Қызылжар СК» командасында ойнаған.
2017 жылдың маусымында 21 жастағы жартылай қорғаушы Қазақстанның премьер-лигасында Оралдың «Ақжайық» командасында өнер көрсеткен болатын. Аталған маусымда ол оралдықтардың сапында Қазақстан премьер-лигасы мен кубогында 26 ойын өткізіп, 2 рет гол соққан. Сондай-ақ 3 рет нәтижелі пас берген. Осы нәтижелерінің арқасында ол командасының үздігі атанған.
Ю.Перцух 17-19 жастағы Қазақстанның жастар құрамасы сапында өнер көрсетіп, мол тәжірибе жинаған. Сонымен қатар ол осы маусымда еліміздің жастар құрмасына тұрақты түрде шақырту алып, Еуропа чемпионатының біліктілік турында 5 рет өнер көрсеткен.