«Астана» сапына испандық велошабандоз қосылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» велокомандасы таяу арада Caja Rural - Seguros RGA командасының мүшесі, испандық велошабандоз Пейо Бильбаомен келісімшартқа қол қойылғанын жария етеді. Бұл туралы astanafans.com сайты хабарлады.

Пейо Бильбао 2011 жылдан бастап  2014 жылға дейін Euskaltel - Euskadi командасында болды, кейін үш жыл соңғы команда намысын қорғады. Испания БАҚ-тарының хабарлауынша, «Астана» осы спортшыны былтыр құрамына тартқысы келген, алайда ол құрлықтық деңгейде тағы бір жыл қалуға ниетті болған.

Пейо Бильбао

1990 жылы 25 ақпанда Испанияда дүниеге келген.
Бойы: 174 см
Салмағы: 60 кг
Командлары:
2015 Caja Rural - Seguros RGA (PCT)
2014 Caja Rural - Seguros RGA (PCT)
2013 Euskaltel - Euskadi (WT)
2012 Euskaltel - Euskadi (WT)
2011 Euskaltel - Euskadi (WT)

Жеңістері мен үздік нәтижелері:
Klasika Primavera de Amorebieta жеңімпазы (2011)
Tour de Beauce жеңімпазы (2015)
Vuelta a Castilla y Leon кезеңінің жеңімпазы (2015)
Presidential Cycling Tour of Turkey екі кезеңінің жеңімпазы (2015, 2015)
Vuelta a Castilla y Leon екінші орын (2016)
Vuelta a Burgos алтыншы орын (2014)
Vuelta a Castilla y Leon кезеңінде екінші орын (2015)
Milano-Torino жетінші орын (2016)
Giro dell'Emilia он бірінші орын (2016)
Vuelta a Espana кезеңінде төртінші орын (2016)