Әкімшіліктің дерегінше, бұл жайт Есіл өзенінің жағалауына 15 минуттық лазерлік музыкалық шоудың демеуімен атқылайтын субұрқақты орнатумен байланысты орын алған.
«Аталған субұрқақты басқару үшін белгілі бір құрылыс салынды. Оларда электр қалқан аспаптары, сорғыш және басқа да құрылғылар орналасқан. Олардың бәрін қорғау үшін арнайы қоршау жасалды. Өкінішке орай, аталған аймақ толықтай қоршауға алынуы қажет болғандықтан терек те сол қоршаудың ішінде қалып қойды. Ендігі уақытта біз осы сыртынан ғана бақылай аламыз», - деді елордалық саябақтың бөлім жетекшісі Ирина Масленко.
Айта кетерлігі, 120 жылдық терек көпес Кубрин осы қала тұрған кезінде отырғызылғаны белгілі. Сондықтан да елорданың саябағы ұзақ уақыт бойы кубрин саябағы деп аталып келген болатын. Саябақ құрылғаннан бастап осы күнге дейін осы жалғыз терек қана аман қалған. Ол айта қоярлықтай күтіп-баптауды қажет етпейді. Тек қурап қалған бұтақтарын кесіп тастап отырса болғаны.
Ирина Масленконың айтуынша, келешекте субұрқақты басқару жүйесі қайта жаңғыртылып, басқа жерге көшірілетін болады. Сол кезде терек қоршаудан босайды және оның жанына теректің тарихи жазылған арнайы тақтайша орнатылады.
«Саябақта 1995 жылдан бері жұмыс істеймін. Осы жерде дәл осындай тағы екі терек бар еді. Бірақ олар суға жақын болғандықтан шіріп құлауға жақын қалған болатын. Жағалауды қайта жаңғырту, жағажайды жабдықтау барысында оларды кесуге тура келді», - деді ол.