Астана саябақтарында жексенбілік жаттығулар басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 мамыр күні Астанада «Fitness Park Astana» апталық жексенбілік жаттығулар маусымы басталады, деп хабарлайды Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы.

Аталған шара ашық аспан астында жаппай жаттығулар өтетін «Outdoor Sport Area» форматында болады. Қаланың үздік фитнес-жаттықтырушылары тегін жаттығу сабақтарын жүргізеді. Алаңқайда crossFit, zumba, бразилиялық джиу-джитсу, combat battle және йога спорттық бағыттары бойынша 5 аумақ жасақталады. Алғашқы жаттығу Астана саябағында өтеді.

21 мамырдан бастап «Жерұйық» саябағында crossFit элементтерімен, zumba және дәстүрлі джиу-джитсу бойынша бір сағаттық жаппай жатығу жүргізіледі. «Студенттік»  саябақта аталған бағыттардан бөлек, тай боксы бойынша жаттығулар өтеді.

Жаттығулар жаз бойы әр жексенбі сайын қаланың «Астаналық», «Студенттік» және «Жерұйық» саябақтарында таңғы 10:00-ден 13:00-ге дейін өтіп тұрады. «Fitness Park Astana» жаппай спорттық шарасы халықтың саламатты өмір салтына деген қызығушылығын ояту мақсатында осымен екінші жыл қатарынан өткелі тұр.