Бұл автомобиль жолдары мен жол төсемінің ауа райының жағдайы жөніндегі ақпаратты жинақтап, өңдеп, оны басқаруға арналған метеорологиялық жағынан қамтамасыз ету автоматтандырылған жүйе болып табылады, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі. Автоматтандырылған жол метеостансасы метеошамалардың 30-ға жуық параметрлерін, оның ішінде, ауа температурасы, салыстырмалы ылғалдылық, жауын-шашын түрлері, желдің бағыты мен жылдамдығын өлшейді.
Ал учаскедегі қалыптасқан жағдай жөнінде жүргізушілерді ақпараттандыру және ескерту мақсатында мәліметтерді сақтау серверіне онлайн түрінде тұрақты қол жеткізе алатын жүйе операторы уақыт, ауа температурасы, ағымдағы ауа райы мен ең жоғары жылдамдық жайындағы 4 параметрді көрсететін жарық диодтық таблоға қажетті ақпаратты шығарып отырады.
Айта кететін жайт, оператор «Генезис зертханасы» қазақстандық компаниясы әзірлеген арнайы мамандырылған бағдарламалық жасақтамамен жабдықталған. Бағдарлама мәліметтерді талдап, операторға қажетті ұсынымдарды шығарып береді.
Аталған метеостанса Астана - Щучинск күре жолында «Қазақстанда магистральдық зияткерлік көлік жүйелерін жасау және дамыту жөніндегі 2020 жылға дейін жоспарды» іске асыру аясында жоғары жылдамдықты автомагистральдер мен халықаралық бағыттардағы трассаларда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.