«Астана-Щучинск» тас жолы жылына 1 млрд теңге пайда түсіреді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана-Щучинкс» ақылы автожылының бір жылдағы табысы - 1 млрд теңге. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің ресми сұрауына жауап бере отырып, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Астана-Щучинск» ақылы автожолы арқылы ұйым жыл сайын 1 млрд 100 млн теңге көлемінде пайда табады. Осы уақытқа дейін ақылы атвожолдан түскен табыс 3 млрд 200 млн теңгені құрады», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 
Компанияның хабарлауынша, жолды жөндеуге, жолды азалап, төлем жүйесін жақсартуға осы қаражаттан ақша тартылады. Мысалы, жолды қыста қардан тазалауға 54 техника жұмылдырылады. Ал, жол апаты орын алса, тас жолдағы медициналық-құқару пункттерінің қызметкерлері көмекке келеді.
Қазақстандағы осындай 40 пункттің әрқайсысы тиісті құралдармен жабдықталған. «Жуық арада Астана-Щучинск» тас жолымен жүру ақысын өсіру жоспарда жоқ», - деп атап өтті компания, ресми жауабын толықтыра отырып.