Автобустардың жүру уақыты - 19:30 және 20:45. Жеткізу орны - «Астана Арена» стадионы.
Сонымен қатар ойын жанкүйерлеріне арнайы бірнеше жүру орындары ұйымдастырылған.
Атап айтқанда, «Қазақстан» СК, «Нұр Астана» мешіті, «Жастар» сарайы» және «Астаналық цирк» тұрақтарынан жетукізілу қамтамасыз етіледі.
Арнайы шаттлдарда жүру ақысы - 90 теңге, жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер жарамсыз.
Ойын аяқталған соң қалаға «Астана Арена стадионы» тұрағынан қалаға апаратын автобустар ұйымдастырылады.