«Астана» футбол клубы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі кезде билеттерге тәулік бойы «Тикетон» жүйесі арқылы клубтың tiketon.kz ресми сайтында, сондай-ақ әріптестік желі арқылы - елдің көп кіретін спорт сайттарында, Қазақстан қалаларының ірі сауда ойын-сауық орталықтарында («Астана билеттері» және басқалары), Qiwi және Kassa24 терминалдары арқылы қолжетімді.
Билеттерді қолма-қол ақшаға ірі сауда ойын-сауық орталықтарында («Керуен», «Мега», «Сарыарқа», «Хан Шатыр» және т.б.) орналасқан «Астана билеттері» кассаларынан сатып алуға болады.
«Билеттер ішкі матчтар сияқты санаттарға бөлінген. Бұл ойынға баға саясаты 1000 теңгеден 3500 теңгеге дейін. 7 жасқа дейінгі балалар стадионға тегін жіберіледі. Мектеп оқушылары мен студенттерге 50% жеңілдіктер жасалған. Зейнет жасындағы адамдарға ыңғайлы болуы үшін оларға матчқа w1 секторы бөлінді», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ СІР бокстеріндегі орындар қолжетімді, бір орынның бағасы 25 000 теңге.
23 шілдеден бастап билеттер «Астана Арена» стадионының кассаларына сатуға түседі.