Қазақстандық команданың капитаны бұл кезеңде «Saxo-Tinkoff» командасынан поляк Рафал Майканы және «NetApp-Endura» шабандозы чех Леопольд Кёнигті арта тастады.
Нибали басты есепте көш бастап келеді, екінші орынға «Movistarдан» испандық Алехандро Вальверде шықты, үшінші орында - AG2R командасынан француз Роман Барде. «Тур де Франс» 13-ші кезең. Сент-Этьен - Шанрус, Франция 197,5 км. 1. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») - 5:12:29 2. Рафал Майка (Польша, «Saxo-Tinkoff») - 0:10 3. Леопольд Кёниг (Чехия, «NetApp-Endura») - 0:11 Жалпы есеп: 1. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») - 56:44:03 2. Алехандро Вальверде (Испания, «Movistar») - 3:37. 3. Роман Барде (Франция, AG2R) - 4:24.