Жанкүйерлер арасындағы дауыс беру ЕУФА-ның ресми сайтында өтті. Твумаси үшін респонденттердің 10 пайызы дауыс берді, ол 4-орынды иеленді. Оның алдыңғы орындарға Мусса Соу («Фенербахче», 42%), Жулиано («Зенит», 21%) және Николае Станчу («Андерлехт», 11%) орналасты. «Олимпиакоспен» (1:1) болған ойында Твумаси «Астана» командасының еурокубоктағы ең жылдам голын салған Джордж Деспотовичке қорытынды пас берген болатын.