Қала әкімдігінің мәліметінше, рейстер аптасына үш рет – жұма, сенбі және жексенбі күндері орындалады.
Әкімдік өкілдері жаңа бағыттың ашылуы мегаполистің көлік қатынасы саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтіп, тұрғындар мен қонақтар үшін әуе тасымалының қолжетімділігін арттыратынын атап өтті.
– Қалалар арасындағы әуе қатынасының дамуы іскерлік, туристік және өңіраралық байланыстарды нығайтып, тұрғындардың мобильділігін арттыруға мүмкіндік береді, – деп мәлімдеді Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Әкімдік мәліметінше, Мемлекет басшысы елдегі көлік инфрақұрылымын дамытуға, өңірлер арасындағы байланысты күшейтуге және заманауи логистикалық жүйе қалыптастыруға ерекше назар аударып келеді.
Осыған байланысты әуе қатынасын кеңейту мен көлік қолжетімділігін арттыру маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырылып отыр.
– Жаңа әуе бағыты Шымкенттің еліміздің ірі көлік, экономикалық және инвестициялық орталығы ретіндегі мәртебесін одан әрі күшейтеді, – деп атап өтті әкімдік.
Айта кетейік, Air Astana Астана-Қызылорда бағытындағы әуе рейсін қайтадан іске қосады.