— Ауа райы жақсарып, жол тазаланғаннан кейін сағат 12:30–да полиция департаменті қызметкерлері мен «ҚазАвтоЖол» арнайы техникасының сүйемелдеуімен Щучинск бағытына қозғалыс ұйымдастырылды. Алайда, алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізушілердің жылдамдық режимін және қауіпсіз қашықтықты сақтамауы салдарынан сағат 13:28–де трассаның 153-шақырымында, Жанаталап ауылының маңында шамамен 95 көліктің қатысуымен жаппай жол апаты орын алды, — деп жазды Қазавтожол.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен «ҚазАвтоЖол» мамандары жұмыс істеуде. Бір жолақ тазартылып, жарамды автокөліктер қозғалысын бастады.
Оқиға орнында 22 көпфункционалды жол машинасы және 2 трактор жұмылдырылған.
Қазіргі уақытта осы жол учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс қайтадан шектелді.
Әзірге қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астана-Щучье тас жолында 40-қа жуық автокөлік соқтығысқанын жазған болатынбыз.